Жаңалықтар

Балабақшада тәрбиеші мас күйінде ұйықтап қалған

Ресейдің Екатеринбург қаласындағы балабақшаның бірінде тәрбиеші мас күйінде балалардың кереуетінде тәтті ұйқыда жатқан. Оны балаларын алып кетуге келген ата-аталар видеоға түсіріп алған. Олардың сөзінше, тәрбиеші әйел мас болған, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі РенТв арнасына сілтеме жасап Оқыс оқиға 15 маусымда орын алған. Сол балабақшадағы тәрбиеленуші бір баланың әкесі ұялы телефонына көріністі түсірген. Бұл уақытта тәрбиеші ұйықтап жатқан. "Иә...Міне осындай біздегі балабақшадағы тәрбие. Және айта кетнеім дұрыс-тегін емес. Лена бізде мас",-деп айтады куәгер. Бұл кезде балалар өз бетінше жүрген. Ата-аналардың арызынан соң, құқық қорғау органдарынан тексеру басталған.