Жаңалықтар

Бимен халықтың көңілің көтермекші болған әкім жазаланды

Бимен халықтың көңілің көтермекші болған әкім жазаланды

Қарағанды облысы Жәйрем ауылының әкімі карантин мен өзін-өзі оқшаулау кезінде ұжыммен бірге би билеп, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желілер мен WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы халыққа таратқан. Нәтижесінде шенеунікке қызметіне толық сай емес деген сөгіс жарияланған, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  Oinet.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Тұрғындар ұжыммен бірге би билеген ауыл әкімінің іс-әрекетін бағаламай, жоғары тұрған әкімдікке жүгінген. Олар тексеру жүргізіп, әкім карантиндік шараларды бұзғанын анықтаған. Ол ғимаратқа адамдарды жинап, коронавирус пандемиясы кезінде жаппай би ұйымдастырған. Олар сондай-ақ маска мен қолғапсыз болған және арақашықтықты сақтамаған. Бұған қатысты пікір білдірген Қаражал қаласының әкімдігінің хабарлауынша, шенеунік қызметіне толық сәйкес емес деген сөгіс алған. Ауылдың ойын-сауық орталығының директоры Ақмарал Иманбекованы да жаза күтіп тұр, ол да маскасыз би билеп, арақашықтықты сақтамаған. Сондай-ақ, әкімді жазалау туралы бұйрыққа Қаражал қаласының әкімі қол қойған. Ал ауыл басшысы өз әрекетін басқалардың көңіл-күйін осылай көтеруге тырысқанымен түсіндірген.