Жаңалықтар

Бүгін Шымкентте ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК 16 маусым күнгі еліміз қалаларындағы метеорологиялық ахуал туралы айтты, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. Синоптиктер мәліметінше, бүгін ауа сапасының нашарлауы Шымкент қаласында күтіледі. Қазақстанның өзге шаһарларында метеодағдай қалыпта болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.