Жаңалықтар

«Асабамен құшақтасып»: түркістандықтар карантин талаптарын пысқырмастан той тойлап жүр

«Асабамен құшақтасып»: түркістандықтар карантин талаптарын пысқырмастан той тойлап жүр

Әлеуметтік желі қолданушыларының арасында той иелері мен қонақтарды құттықтап жатқандар да, даттап жатқандар да жетерлік. Бүкіл ел коронавирусқа байланысты оқшаулануды жалғастырып жатса, түркістандықтар карантиннен жалыққан сияқты. Әлеуметтік желіледерде Түркістан облысында дүркіреп аталып өтіп жатқан үйлену тойының видеосы тарап кетті, - деп хабарлайды NewsRoom+тілшісі  Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. Үйлену тойы тойханада емес, үйдің ауласында өткен. Тойға жиналған қауымның қарасы қалың. Ара қашықтық сақталмақ түгілі, мұнда келгендер асабамен құшақтасып, ән шырқап жатыр. Әлеуметтік желі қолданушыларының арасында той иелері мен қонақтарды құттықтап жатқандар да, даттап жатқандар да жетерлік. Кейбірі бұл қуанышты телефонға түсіріп таратқандарға өкпелі. Айта кетерлігі, әкімшілік кодексте карантин кезінде мұндай жиынға ұйытқы болған той иесіне бар болғаны 5 айлық есептік көрсеткіш ретінде, яғни 13 мың 890 теңге айыппұл салынады. Айыппұлдың аздығынан болса керек, облыстық полиция департаменті мен СЭС мамандары той иелерінің жазаланғаны, не жазаланбағаны туралы мәлімет бере алмады.