Алматылық "Қарадомалақ" Майкл әскерден келді
Алматылық "Қарадомалақ" Майкл әскерден келді
Қазақстан Қарулы Күштерінде бұрын-соңды тірлкелмеген жайт! Отан алдындағы борышын өтеген алғаш афроқазақ үйіне оралды. Алматылық "қарамдомалақ" Майкл Мклоға әскерде өзіне барлығы таңданыспен қараған. Әкесі нигериялық, анасы қазақстандық жігіт жайлы NewsRoom+ тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Сәлем достар! Қалайсыңдар? Менің атым - Майкл. Мен әскерден келдім"
Әскери борышын өтеп, карантиннен кейін елге оралған жүздеген жауынгердің ішінде ерекше көзге ілігетін бір сарбаз бар. Ол - Майкл есімді афроқазақ жігіт. Бір жыл бұрын өз еркімен Отан қорғауға аттанған ол аман-есен үйіне оралды. Ефрейтор болып. Сарбазды туыстары күтіп алды.
Майкл алты ай Алматы облысында болып, кейіннен Семейге жіберілген. "Шығыста өткен бір жыл өмірімде нағыз қыстың қандай болатынын білдім" дейді Қақаған аязда әскери борышыңды өтеу оңайға соқпапты. Ал, оны алғаш көргенде қаруластары өз көздеріне өздері сенбеген.
МАЙКЛ МКПО, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: "Ең бірінші әскерге келгенімде барлығы шок болды. Қателік болған шығар деп, көпшілігі сенбеді. Кей кездерде шынымен афроқазақ екенімді, Алматыда дүниеге келгенімді растау үшін жеке куәлігімді көрсетуге тура келді. Кейіннен барлығы құрметпен қарайтын болды. Достасып кеттік".
Материалдық жабдықтау ротасында әскери міндетін өтеген Майкл дизель генераторларын қосуды, электр қуатымен қамтуды меңгерген. Әскерде электрик мамандығын игерген. Шығыстың қатал табиғаты мен әскери тәртіп, Майклды нағыз жігітке айналдырған. Әскерге дейін белтемірге екі рет әрең тартылтын ол, қазір оның құлағында ойнайды. Физикалық жағынан дайындығы мықты, дене бітімі мығым.
МАЙКЛ МКПО, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: "Әскер жас жігіттерге мектеп іспеттес. Жігеріңді жанып, әскери тәртіпке үйретеді. Қосымша мамандықты игердік. Әскерге дейін ине де ұстай алмайтынмын. Қазір тігуді де, сынған-бүлінген заттарды жасауды да ме гердім. Осындай мектептен өткен соң өз Отаныңды қорғауға деген ынтаң арта түседі".
Армиядан ер жігіт болып оралған ұлының бойындағы оң өзгерістерді анасы бірден байқапты Қазір үй шаруасына көмектесіп, жақындарына ерекше қарқорлық танытады екен.
ГАЛИНА МКПО-СЕМЕНОВА, МАЙКЛДЫҢ АНАСЫ: "Әрине әскерден кейін баламның бойында өзгерістер бар. Ол салмақты, бұрынғыға қарағанда жауапты . Жақындары мен достарына деген көзқарасы өзгерген. Әскерден шынымен жігіт болып оралды. Бұрын ұйықтап қалып, кешігіп жүрсе, қазір барлығына жауапкершілікпен қарайды. Әскерге дейін шеге қаға алмаушы еді. Қазір үй шаруасына көмектесуде".
Майкл Отан алдындағы борышын өтеуге өткен жылдың мамыр айында аттанған болатын. Алматыда дүниеге келген оның әкесі Нигерия азаматы. Ал нағашы атасы - орыс, нағашы әжесі - қазақ. Әскерге кетерде қазақша бірнеше сөз білетін ол, қазір емін-еркін түсінетін деңгейге жеткен.