82 жастағы әжей: Спортпен шұғылданам, саяхаттаймын
82 жастағы әжей: Спортпен шұғылданам, саяхаттаймын
Елордада сексеннің сеңгіріне шықса да, спорттан қол үзбеген кейуаналар тұрады. Қарттықта жасаруды қолға алған әжелер таңмен таласа тұрып, жаттығу жасайды. Онысымен қоймай, жанындағыларды да салауатты өмір салтына шақырып, әдемі қартаюдың құпиясымен бөлісіп жүреді. Бұл туралы NewsRoom+ тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Қыздың жасын сұрама, қыздың жасы қашанда он сегіз. Десе де мынадай трюкті жасау сол он сегіздегі бойжеткендердің бәрінің бірдей қолынан келмесі анық. Ал камера алдында өзін еркін ұстап, күлсе маржандай тістері тізілген Раиса апайды бір көрген жан ары кеткенде 50-де шығар деп топшылайды екен.
Біздің кейіпкерлеріміздің бірі дүйім жұртты асқан икемділігімен таңқалдырса, өзгесі модель.
-Сәлеметсіздер ме? Қалдарыңыз қалай?
- Жақсы!
- Қанша круг жүгірдіңіздер?
- Бес.
Күнделікті апаларымыз таңнан жүгірген соң осында жаттығу жасайды екен. Біз де қосылдық.
"Медленно, выдыхаем до пола, поднимаемся! Ощущаем каждую мыщцу, как она растягивается. Поддержали немного, выпрямились. Молодцы.".
Таныдыңыз ба? Таңмен таласып тұрып, шынығып жүрген бұл кісі - біз айтқан модель! Жасын дөп басып біле алмаған соң, өзінен сұрап-білгенді жөн көрдік.
"2 балам бар, 4 немерем бар".75 жастамын
Раиса апайдың - психология мен өзін өзі дамытуға ден қойып, рухани кемелдену жолында ізденіп жүргеніне он жылдам асыпты. Білген-түйгенін арнайы тренингтер өткізіп, бөліседі. Уақытын үнемді әрі тиімді жоспарлайды. Ал, мұндай жандардың позитивті ұстанымдары, энергиялары мен икемділіктері таңырқатпай қоймайды. Көптен бері денемді шынықтырмаған маған біраз жаттығулар үйретті.
Держи ногу! ....
- Мен мостик жасап көрейін.
Мостикке тұрып, шпагатқа отыратын апамыздың жасы....
Алпыстың алтауын арқаладық, жетпістің жетеуін желкеледік. Шаршадық, қартайдық. Біресе белім, біресе аяғым деп отырған жоқ, апаларымыз! Көрдіңіздіер ме?! Әдемі қартаюдың қамымен жүр".
Таңсәріде таза ауада гимнастикаға кірісетіндердің арасында 82-дегі әжей де бар. Мәруа апаның ширақ болуы жастайынан екен. Мектепте оқып жүрген кезінде сымбатты қыздарды көріп, соларға еліктеп, түрлі жаттығуларды үйреніпті. Сол әдетін әлі күнге жаңылмаған. 18 жасында келін болып, ата-енесінің қолында тұрып, ауыл өмірінің қиындығын бір кісідей көріпті.
МӘРУА ДҮЙСЕНБАЕВА 82 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕ: "Үйге келемін, сиыр сауамын. Бие сауамын, ата бақтым, ене бақтым! Міне, қазір демалып жүрмін, бүкіл дүние жүзін араладым".
Талай бейнет көрген әжей енді соның зейнетіне бөленуде. Сегіз құрсақ көтеріп, ұлды ұяға, қызды қияға қондырыпты. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген нақылды санасына мықтап түйген ол, немерешөберелерінің тәрбиесіне араласып, ұлттық өнерді дәріптеп жүр.
"Әсіресе қол қимылдау керек".
Мәруә әжей мың бұрала билеп, домбыраны қолға алып, жастығын да жиі еске алып қояды. Мамандардың айтуынша, ұзақ жасап, әдемі қартаю үшін дұрыс тамақтану керек, ұйқы тыныш болып, спортпен шұғылдану қажет. Позитивті көңіл-күй сылайтын ортамен араласудың дамаңызы зор.
ОРЫНГҮЛ ЖАҚСЫБАЕВА, ГЕРАНТОЛОГ: "Дұрыс қарым-қатынас, жақсы адамдармен араласып, спортпен айналысса, адамның өмірінің ұзақтығы 60 пайыз, ол - генетика. Геннің бейімділігі туа біткен. Ал 40 пайыз қоршаған орта".
Бір-ақ рет берілетін өмірде өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетіп жүрген жандар мыналарды қаперде ұстау керек дейді.
"Быть гармоничными. Еңбекте деп ойлаймын. Осындай орта болса!".
Асарымды асадым, жасарымды жасадым! Зейнетке шықтым. Болдым-толдым, шаршадым демеді! Керсінше, күн өткен сайын, жасарып келе жатқандай. Құпиясының кілті еңбекқорлық дейді. Таңсәріден ерте тұрып жаттығу жасап, осындай энергияны алғыларыңыз келсе, осы командаға қосылуларыңызға әбден болады.