Жаңалықтар

Көлгінов астаналықтарға қонаққа бармауға кеңес берді

Көлгінов астаналықтарға қонаққа бармауға кеңес берді

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов астаналықтарға қонаққа бармауға кеңес берді, - деп хабарлайды  NewsRoom+ тілшісі Tengrinews.kz  ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды. "Қонаққа барудан және отбасылық іс-шараларға қатысудан, сондай-ақ адам көп жиналатын жерге бармау керек: қауіп әлі бар. Сақтық шараларын сақтай отырып, сіз өзіңізді және жақындарыңызды қауіпсіздендіресіз", - дейді Көлгінов. Ол қала тұрғындарына қатаң санитарлық нормаларды сақтау қажет екенін атап өтті: маска тағу (адам көп жиналатын жерлерде, әсіресе жабық үй-жайларда) мүмкіндігінше адам көп жиналатын орындарға бармау керегін ескертті."Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы өте ауыр. Өкінішке қарай, науқастар медицина қызметкерлерінің кеңесін тыңдамайды, сонымен қатар, өзін-өзі емдеп, медициналық көмекке дер кезінде жүгінбейді", - деді әкім. "Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы өте ауыр. Өкінішке қарай, науқастар медицина қызметкерлерінің кеңесін тыңдамайды, сонымен қатар, өзін-өзі емдеп, медициналық көмекке дер кезінде жүгінбейді", - деді әкім.