Жаңалықтар

Түркістанда тұмау өршіп тұр: тұрғындар шағымы көбейді

Түркістанда тұмау өршіп тұр: тұрғындар шағымы көбейді

Ауруханаға түскендерден шұғыл түрде Covid-19 инфекциясына талдама алынады. Оның нәтижесі дайын болғанға дейін олар провизорлық бөлімде ем қабылдайды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Oinet.kz порталына сілтеме жасап. Соңғы күндері Түркістан қалалық орталық ауруханасына тұмау белгілерімен дәрігерлік көмекке азаматтар жиі жүгінуде. Науқастарда дене қызуының көтерілуі мен жөтел және әлсіздік байқалады, деп хабарлайды Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. Медициналық тексеру нәтижесінде науқастардан пневмония, яғни өкпенің қабынуы анықталды. Ауруханаға түскен азаматтардан шұғыл түрде Covid-19 инфекциясына талдама алынды. Ал талдама анықталғанға дейін олар провизорлық бөлімде ем қабылдайды. "Теріс нәтиже шыққандары аурухана бөлімдеріне жатқызылып, тиісті емдерін қабылдауда. Негізінен науқастардың басым көпшілігі пневмонияға шалдыққан. Тексеру барысында коронавирус инфекциясына теріс нәтиже көрсетуде", - делінген хабарламада. Статистика бойынша қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша провизорлық ауруханаларда 121 науқас пневмониядан ем қабылдауда. 87 азамат жазылып шыққан. Ал Түркістан қаласы бойынша бүгінге дейін 129 инфекция жұқтыру оқиғасы анықталып, оның 62 жазылып шықты. 32 науқас инфекциялық стационарда ем алып жатыр. Барлық індет ошақтарына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.