Жаңалықтар

Шымкентте залалсыздандыру жұмыстары күшейтілді

Қаратау ауданы аумағындағы ішкі орам көшелері мен көпқабатты үйлердің кіреберістері және аулалары залалсыздандырылды. Атап айтар болсақ, аудан аумағында 419 көпқабатты үй және 1000-ға жуық көше бар. Бұл жерлердің барлығы бекітілген кестеге сәйкес күнделікті қарқынды түрде коронавирусқа қарсы дәріленуде. Барлық дезинфекциялау жұмыстары кезең бойынша, тиісті дәрі-дәрмектермен атқарылуда. Залалсыздандыру жұмыстары өзге де аудандарда күшейтілді. Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы