Сыраны қалай ішу керек?
Сыраны қалай ішу керек?
Жазда салқын сыра алконавттардың сүйікті ішімдігі. Ең көп ішілетін алкогольді ішімдік түрі де осы сыра. Бірақ, сыра өте ерке мінезді ішімдік. Еркелігін көтере алмай көп жағдайда ертеңіне бас ауырып, құсып және бұттан кетіп жатады. Бұның барлығы сыраны дұрыс ішпегендіктен. Сыраны қалай ішу керек? Бірге қарап көрейік:
Дұрыс ыдыс
Сыра ішу үшін бокал, күрешкі, стакан және т.б ыдыстар жарай береді. Тек ыдыс металл және пластмассадан жасалған болмауы керек. Бұл екеуі сыраның құрамын өзгертіп жібереді. Ыдыс формасы маңызды емес, тек жандары тегіс болуы қажет сыра әдемі ағуы үшін.
Араластырма
Сыраны ешқашан басқа ішімдікпен араластырмау керек. Тіпті басқа сыра түрімен де. Құрамдары әр түрлі сыра немесе ішімдікпен организміңде конфликттер басталады. Нәтижесін өзің көрген шығарсың талай рет.
Температурасы
Сыраның температурасы 5-10 градус болуы керек. Ең дұрысы 6-8 градус. Бұдан төмен температурада сыраның дәмі кетеді, бірақ салқындатып дәмін қайтадан қалпына келтіруге болады. Ал егер 10 градустан жоғары болса дәмі де ароматы да жойылады. Сыраны жылытуға да, тез салқындатуға да болмайды. Мұздатқышқа (морозильник) сыра қоймаңыз.
Көбік
Жақсы сыраның көбігі аппақ болады, қаймақ түстес және ешқандай көпіршіксіз. Көбігі жақсы шығуы үшін ыдыс та таза болуы керек, ешқандай май қалдығы болмауы қажет.
Трансфер
Сыраны басқа ештеңемен араластыру былай тұрсын, оны тіпті бір ыдыстан басқа ыдысқа құюға да болмайды. Шайқауға да болмайды. Сыраның оттегімен реакциясын бұзуға болмайды яғни.
Ішу тәсілі
Сыраны бірден жұтып қоюға болмайды және бір кеш бойы бір бокалды сораптауға да болмайды. Мүмкін болса сыраны 3 жұтымда ішкен дұрыс. Алғашқы жұтымда жартысын, сосын қалған жартысының жартысын, одан кейін қалғанын ішіп тастау керек.
Не жеу керек?
Чехияда сыраға чипс, сухарик сияқтылар берілмейді екен. Мұндай нәрселер негізі қарынның шығуына себеп болады. Сыра ішу мамандарының пікірінше сыраның қасына ет берілген дұрыс немесе қуырылған пісірілген балық. Ал тұздалған балықты көптеген сыра мамандары жарамсыз деп таныпты.
Дереккөз: Kerekinfo.kz порталынан