18 мыңнан астам астаналық жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа тұрды

04 Қазан, 2018 865 0

Биыл 9 ай ішінде астанадағы Жұмыспен қамту орталығы 18 607 жұмыссызға жұмыс тауып беруге көмектесті, деп хабарлайды Newsroom.kz ақпарат агенттігі BNews.kz-ке сілтеме жасап. 

Оның 16 357 адамы – тұрақты жұмыс орнымен қамтылды, 2250 адам – уақытша жұмыс орны.

"Экономикалық қызмет түрі бойынша өнеркәсіп саласындағы жұмыспен 329 адам қамтылды, құрылыс – 437, көлік және қойма – 263, білім – 824, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет – 610, көтерме және бөлшек саудаға – 833 адам жұмысқа орналасты", - делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Айта кетейік, жұмысқа орналасу бойынша сауалдармен Бейбітшілік 25, "Өркен" ІО мекенжайына немесе +7 (7172) 57-85-41, 57-89-11, 57-86-95, 92-44-20, 26-65-19 және 72-93-50 телефон нөмірлеріне қоңырау шалуға болады.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.