"Шүкір. Жақсы.Сөйлесуге шамам жоқ, айналайын. Дәрігерлер жауап берсін. Бәрі жақсы. Рақмет, жаным. Ауырып жатырмын", - дейді Бекболат Тілеухан.
Енді депутаттың жанында жүрген көмекшілері мен отбасы мүшелері жаппай тест тапсыруға көшкен. Қазірдің өзінде Тілеуханмен байланыста болған бес адамнан вирус анықталған көрінеді. Ал Мәжіліс үйіндегілер алаңдауға негіз жоқ деп отыр.
"Қазір Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханнан коронавирустық инфекция анықталып, ол қажетті емдеу курсын қабылдауда. Мәжіліс депутаты осыған дейін қашықтан жұмыс істеу режимінде болған. Бүгінгі таңда депутаттық корпустан да, аппарат қызметкерлерінен де аталған ауру белгілері анықталған жоқ, - дейді мәжілістің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Бекболат Тілеуханның коронавирус жұқтырғаны белгілі болған.