«Қалаулым» шоуында балалы жұп шаңырақ көтерді

04 Қазан, 2018 2640 0

Ақерке есімді бойжеткен «Қалаулым» бағдарламасына келіп, өзінің басынан өткен қиыншылықтарды айтып қазақстандықтардың көңілін босатқан еді. Әкесіз бала тауып, оны жалғыз өсіріп жатқан қыз бағдарламаға осы ұлына әке іздеп келген. Алайда бүгінде баласының туған әкесімен қайта көңіл қосып, бағдарламада дүркіретіп тойларын жасап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ендігі бір жасқа келген ұлы бар екенін естіген Ақеркенің бұрынғы жігіті онымен қайта көңіл қосуға шешім қабылдап, қыздың ата-анасының алдынан өткен.

Мұндай ерекше жұптың тойын «Қалаулым» бағдарламасының ұжымы тікелей эфирде өткізді. Ал бұл тойдың ерекшелігі жастар үстелінде екі қос ғашықтан бөлек олардың сүйкімді ұлдары отырды.

Нұрболат пен Ақеркенің тойларына қонақ болып олардың достары мен туыстары келді. Сонымен қатар, жастарды құттықтауға келген Нұрлан Еспанов екі жасқа ізгі тілектерін білдіріп, өзінің керемет әнін орындап берді.


Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.