Жаңалықтар

Жандарбек Бекшин: Алматыда кинотеатрлар ашылады деген сөз - қауесет

"15 маусымнан бастап Алматыдағы кинотеатрлар ашылады" деген қауесеттің шындыққа жанаспайтыны анықталды, - деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Egemen.kz сілтеме жасап.
"Алматыда коронавирус инфекциясының тіркелу қарқыны төмендемей тұрғандықтан, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы кинотеатрлардың жұмысын жаңарту мәселесі қаралған жоқ. Бүгінгі таңда Алматы қаласында коронавирус инфекциясының 3005 оқиғасы тіркелді. Жұқтырудың негізгі көзі - адамдар көп жиналатын орындар, олардың арасында кинотеатрлар бар", деді Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.