Білім беру жүйесіндегі блокчейн несімен тиімді

04 Қазан, 2018 1153 0

Білім беру жүйесінде құжаттардың қағаз нұсқаларын (күнделіктер, аттестаттар, дипломдар) сақтауда бір мәселе бар. Ол - белгілі бір құжаттарға өзгеріс енгізу, оларды бүлдіріп алу немесе жоғалту қаупі. Оқушы жеке іс-қағазын жоғалтқан жағдайда,  оны қалпына келтіру үшін тек оқушы ғана емес, жалпы мектеп те біраз уақытын жұмсайды. Жаңа жүйесі осы олқылықтарды жоя алады. 

Блокчейн – әрқайсысында өшіруге немесе өзгертуге болмайтын ақпараттар сақталған блоктар тізбегі. Яғни, жаңадан құрылған деректер қорында оқушының не студенттің барлық бағалары, біліктіліктері, жеке жетістіктері туралы ақпараттар сақталады. Бұл жүйеде оқытушы туралы пікір қалдыруға да болады. Блокчейнге енгізілген ақпаратты өшіру, жоғалту немесе қайта жасау мүмкін емес. Мысалы, оқушы басқа оқу орнына ауысатын болса, бірыңғай жүйенің арқасында оқушының білім алуы бойынша деректер қолжетімді болады. Білім жүйесінде блокчейн деректердің абсолютті нақтылығына және олардың өзгеруінің мүмкін еместігіне кепілдік береді.

Блокчейнді орта, жоғары және қосымша білім берумен қатар, білім берудің ерте кезеңінде, мысалы, балабақшаларға да енгізу керек. Нәтижесінде, барлық ақпараттың блокчейнде сенімді түрде жазылуы есебінен оқушының оқудағы жетістіктері өмір бойына қолжетімді болады.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.