Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
12 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті қолдау: Келес ауданында 2 жоба іске қосылады

Кәсіпкерлікті қолдау: Келес ауданында 2 жоба іске қосылады

Кәсіпкерлікті қолдау: Келес ауданында 2 жоба іске қосылады
ашық дереккөзі
Түркістан облысының 3,4 мың шаршы шақырым жерін алып отырған Келес ауданындағы халық саны – 142 557-ге жеткен. Оның 91,6% немесе 130 582-сі қазақ болса, қалған бөлігін орыс, өзбек, тәжік секілді өзге ұлт өкілдері құрайды, деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігі. Аталған ауданның өнеркәсіп саласындағы өнім көлемі 1 875,0 млн. теңге болса, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 1300,0 млн.теңге немесе 102,0%-ын құрайды. Сондай-ақ, 2020 жылы «Индустриалды инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы және кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде жалпы құны 478,4 млн. теңгені құрайтын 2 жоба іске қосылмақ. Атап айтсақ, оның алғашқысы Келес ауданы Біртілек ауылдық округі аумағынан құрылатын ЖК «Қашқынбаев Б.Ж.» – жалпы құны 227,4 млн.теңгені құрайтын темір бетон бұйымдарын өндіретін зауыт. Қазіргі уақытта жер қойнауын пайдалануға рұқсат құжаттарын алған кәсіпорынның мемлекеттік актісі ауданның арнайы жер қорында тұрған 2 гектар жер учаскесіне тіркелуде. Ал, екіншісі Келес ауданы Біртілек ауылдық округі аумағында іске қосылатын «AIBI-I (АИБИ-АИ)» ЖШС – жалпы құны 251 млн.теңгені құрайтын күйген қыш шығаратын зауыт. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, жобаны жүзеге асыру үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде және жер қойнауын игеруге арналған рұқсат берілген.