Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
12 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қолжетімді орта

Қолжетімді орта

Қолжетімді орта
ашық дереккөзі
Мүгедектік санатындағы азаматтар әлеуметтік қорғауды аса қажет етеді. Сондықтан мүгедектерге басқа азаматтармен бірдей мүмкіндіктер ұсынудың маңызды шарты-қол жетімділікті қалыптастыру. 2015 жылдың 20 ақпанында Елбасы Қазақстан Республикасының «Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялау туралы» заңына қол қойылды. Аталған заңға сәйкес қатысушы мемлекеттер мүгедектердің басқалармен тең дәрежеде табиғи айналасына, көлікке, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жүйелерді қоса алғандағы ақпарат пен байланысқа, сондай-ақ басқа да объектілер мен көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдайды.  width= «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 3-тармағына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар ұлттық стандарттарға сәйкес мүгедектерге қоғамдық көліктерге, тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістік ғимараттар, құрылыстар мен үй-жайлар, әуежайлар, теміржол станциялары, автостанциялар, автостанциялар, теңіз және өзен порттарындағы еркін бағдарлау және қозғалысқа кедергісіз кіруге жағдай жасауға міндетті. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті өз құзыреті шегінде «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының іске асырылуын, соның ішінде мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз кіруін сол объектілерге барып, қолжетімділігін бақылау (тексеру) арқылы қамтамасыз етеді. Департамент «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңның талабын сақтау мәні бойынша  2019 жылы 70 объектіге, оның ішінде  мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылым, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт объектілеріні, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерінің және басқа да объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз етілмеу бойынша тексеру жүргізді. Оның 17-сі бекітілген тексеру парақтарына сәйкес жүргізілген жоспардан тыс тексеру болса, 41-і жоспарлы тексеру. Сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі адамдардың объектілерге кедергісіз кіріп-шығу мәселесі бойынша аудандық прокуратуралармен бірлесе отырып 12 тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесі бойынша, көптеген бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда пандустардың жоқтығы, объектілерде бар пандустардың стандарттарға сай келмеуі, мүмкіндігі шектулі азаматтарға көлік тұрақтарының жоқтығы,   объектілерде көзі көрмейтін  адамдар үшін тактильді тақтайшаның, арнайы жолдайтын белгілердің жоқтығы, санитарлық-гигиеналық бөлмелерінің сай болмауы т.б..   Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 44 объектінің басшыларына ұйғарым берілді, 3 субъектіге жалпы сомасы 270 АЕК мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылды (530 250 теңге толығымен өндіріп алынды),        28 объектіде анықталған бұзушылықтар жойылды, 16 объекті бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен Төтенше жағдай режимі енгізілгенге дейін Алматы қаласында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы 13 медициналық мекемеге бақылау жүргізілді. Бақылау нәтижелері бойынша  ҚР НЖ 3.06-01-2011 бірқатар бұзушылықтар анықталды, объект басшыларына үш айға дейінгі мерзімге анықталған бұзушылықтарды жою туралы 13 ұйғарым берілді. Егер бұзушылық көрсетілген мерзімде жойылмаса, Департаментпен  бақылау тексерісі жүргізіліп Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 83-бабына сәйкес субъекті әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігі болмаған жағдайда  лауазымды адамдарға – 50 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 120 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 400 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Сонымен қатар, Департамент «Нұр Отан» ХДП, Алматы қаласы қоғамдық кеңесі, «Алматы қалалық Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі мен сол сияқты мүдделі мемлекеттік органдармен, әлеуметтік және басқа да қалада адамдардың жаппай баратын объектілерге апта сайын мүгедектерге бейімделгендігі бойынша мониторинг жүргізіледі. Атап айтсақ былтырғы жылы 41 рет шығып, 233 нысанды партияның «Кедергісіз келешек» бағдарламасы аясында тексерілді. Тексеру нәтижесі көрсеткендей, көптеген объектілерде пандустардың көлбеуі дұрыс емес, пандустың ені, тұтқалардың биіктігі, арнайы батырманың жоқтығы, кейбір объектілерде зағип адамдар үшін объектіге баруға жағдай мүлдем жоқ (тактильді плиткалардың болмауы). Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасына іссапармен баратын инспекциялар мен профилактикалық бақылау мен қадағалауға мораторий енгізу туралы» 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 229 Жарлығына сәйкес шағын және микро кәсіпкерлікті дамыту жағдайларын жақсарту мақсатында тексеру ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап жүргізілмейді. Алайда шағын және орта бизнес басшыларымен, иелерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері  шағын және микро кәсіпорындардың иелеріне қатысты  бұзушылықтарды  жою үшін 146 ұсынысхат жіберілді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қол жетімді орта-бұл ең бастысы қалалық инфрақұрылым нысандары мен қоғамдық көліктерінң қол жетімділігі, ол мүгедектердің қалада оңай жүріп тұруына және керекті ақпараттар мен қоғамдық керек жарақтарды алуына, ыңғайлы өмір сүруіне алып келеді. Қолжетімді орта құру жөніндегі жұмыс басты назарда және проблемалар бірлесіп шешуді қажет етеді. Департамент алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жағдай жасау жұмыстарын мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жалғастыратын болады.