Сарыағаштық дәрігерлерге 3 автокөліктің кілті табысталды

02 Қазан, 2018 798 0

Сарыағаштық дәрігерлерге 3 автокөліктің кілті табысталды, деп хабарлайды Newsroom.kz ақпарат агенттігі. 

Түркістан облысының Сарыағаш аудандық орталық ауруханасында томография орталығы ашылды. Облыс әкімі Ж.Түймебаев жаңадан орнатылған компьютерлік томографияның жұмысымен танысып, орталықты саланатты түрде ашып берді. Сондай-ақ, сарыағаштық дәрігерлерге 3 автокөліктің кілтін тапсырды. Бұл игілікті істердің бәрі Елбасының медицина саласына жасаған қолдауының тәтижесінде болып жатқанын тілге тиек еткен өңір басшысы аурухана ұжымына сәттілік тіледі. Заманауи құрылғы арқылы бас мидың қан айналымдары ауруларын, ісік және ішкі құрылыстағы ауытқулар мен сүйек жарақаттарын анықтайды. 


  


Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.