Жаңалықтар

Баскетболшы Коби Брайант «Эмми» сыйлығымен марапатталды

Биыл өмірден озған «Лос-Анджелес Лейкерс» командасының аты аңызға айналған баскетболшысы Коби Брайант «Эмми» сыйлығымен марапатталды. Марапаттау рәсімі 18 шілдеде өтеді, деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.  width= Брайант спорттық мансабында «Лос-Анджелес Лейкерс» клубында ойнады. Командамен бірге ол Ұлттық баскетбол ассоциациясының (НБА) бес чемпиондық титулын жеңіп алды. Ұлттық құрамамен екі мәрте Олимпиада алтынына ие болды. Коби Брайант осы жылдың қаңтарында АҚШ-тың Калифорния штаты, Калабасас қаласының маңында тікұшақтың апатынан қайтыс болды. Бортта оның қызы Джианна және тағы жеті адам болған. Айта кетсек, «Эмми» сыйлығы Америка Құрама Штаттарында теледидар саласындағы басты сыйлық болып табылады және оны жыл сайын Америкалық теледидар академиясы ұсынады.