Жаңалықтар

COVID-19 індетін алғаш ескерткен дәрігердің жары ұл босанды

COVID-19 індетін алғаш ескерткен дәрігердің жары ұл босанды

Уханьдағы бастау алған коронавирус індетінің таралып жатқаны туралы алғаш хабарлаған дәрігердің жары ұл босанды. Еске сала кетсек, сол індетті алғаш хабарлап, кейіннен өзі жұқтырып алған дәрігер жыл басында қайтыс болған еді деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі РиаНовостиге сілтеме жасап. Қытайлық "Пэнпай" басылымының мәліметінше, ана мен жаңа туған сәбидің дені сау, жағдайы жақсы. Фу Сюэцзе дәрігердің жұбайы өзінің әлеуметтік желісінде "Өмірлік жарым, сен бұны жұмақта көрдің? Сенің ең соңғы сыйлаған сыйлығың бүгін дүние есігін ашты" жазған.  width= Ухань қаласының орталық ауруханасының дәрігері Ли Вэньлян 30 желтоқсанда өз әріптестеріне WeChat әлеуметтік желісіндегі топқа "Хуанань" теңіз өнімдерін сататын базарында жеті SARS жағдайының анықталғанын хабарлаған. Ол жаңа коронавирус түрінің өзгеше екенін білген. Кейіннен дәрігердің жазбасы түрлі әлеуметтік желілерде тарай жөнелген. Келесі күні Ли Вэньлян және жеті дәрігер Ухань қаласының полиция бөлімшесіне шақырту алған. Оларға "жалған ақпарат тарату" қоғамдық тәртіпті бұзуға әкелуі мүмкіндігін айтып, ескерту жасалынған. Ал 11 қаңтарда Ли дәрігерде жөтел пайда болып, дене қызуы көтерілген. Оның соңғы жазбасында коронавирус жұқтырғаны анықталған. Алайда Ли Вэньлян коронавирус індетінен көз жұмады. Наурыз айында Ухань қаласының полициясы қайтыс болған дәрігердің отбасынан ресми түрде кешірім сұрайды. Себебі көпшілік қытайлықтар дәрігер Лиді бейбіт күннің батырына балай бастаған. Ал сәуір айында Хубей провинциясы мемлекет, қоғам және адамдарға қызмет етуде өз өмірін арнаған дәрігерге ең жоғарғы "құрбан болған батыр" атағымен марапаттаған.