Сарыағаш ауданында балабақша мен спорт кешені пайдалануға берілді

02 Қазан, 2018 1084 0

Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданына барды. Алдымен «Жібек жолы» кеден бекетінің жұмысымен танысқан өңір басшысы кейін Жібек жолы ауылдық округіндегі «Бес Жұлдыз» балабақшасына келді. Жеке кәсіпкер Г.Гуламованың иелігіндегі балабақшаға 1,1 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылған. Қазір 450 бала тәрбиеленіп жатыр. Алпыс адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Облыс әкімі балаларға базарлық ұсынып, балабақша ұжымының қадамын оң бағалады.



Халық тығыз орналасқан Сарыағашта спорт саласын дамыту маңызды. Осыны ескерген жергілікті билік Қапланбек ауыл округінде «Қапланбек» спорт кешенін ашқан. Мұнда 90 бала каратэ, таэквондо, ауыр атлетика және шағын футболмен шұғылданады. Оларды 7 бапкер баптайды. 



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.