"Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 65 балл, ал басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына кемінде 50 балл", - дейді министрлік.
ЖОО-ның деңгейімен қатар, жекеленген мамандықтарға қатысты да нақты шекті балдар анықталған. Бұл мәселеге де министрлік кеңінен тоқталды. Биылғы жылы әдеттегідей дәрігер болғысы келетін тапсырушыларға талап қатал.
"Педагогикалық ғылымдар саласы бойынша кемінде 70 балл. «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» саласы бойынша кемінде 65 балл қажет. «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», "Ветеринария» білім беру салалары бойынша кемінде 60 балл", - дейді олар.