Жаңалықтар

Студентті педофил деп айыптаған ата-ана оның кінәсіз екенін мойындады

Студентті педофил деп айыптаған ата-ана оның кінәсіз екенін мойындады

Ақтөбе қаласында бірнеше жас балаға қатысты сексуалдық зорлық жасады деп айыпталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған Әліби Өтепбергенге қарсы арыз жазған жеті ананың бірі студенттің кінәсіз екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі "Евразия бірінші" арнасындағы Basty Prime бағдарламасына сілтеме жасап.

әліби өтепберген Студенттің ісіне арналған бағдарлама барысында баласын "Ақбөбек-Восток" лагеріне жіберген ана хабарласты.
"Әлібидің ісіне байланысты арыз жазған жеті ата-ананың біреуі менмін. Жазықсыз баланы шырылдатып қоймай, өзіміздің ойымызды, адалдығымызды, адамгершілігімізді білдірейік, баланы соттатпаудың амалын жасап, өзімнің пікірімді білдіргім келеді. Ең басында, қателікке ұрынып, балдардың сөзіне сеніп, арызымызды жаздық", - деді ана. Әйелдің айтуынша, баласымен сөйлескенде психологиялық күйінен оның бірнәрсені жасырып жүргенін байқаған. "Баламызбен әкесі екеуміз сөйлее келе мұндай жағдайдың болмағанын біліп, содан кейін обалына қалармыз деп арызымызды қайтарып алдық", - деді әйел. Лагерьдегі тәрбиешісін айыптаған бала ата-анасымен сөйлескен кезінде өздері айтқан жайғдайдың болмағынын мойындағын. Тіпті, ол Әлібидің өте жақсы тәрбиеші екенін, балаларға жақсы қарағанын айтқан. "Біздің душқа кірді деген де, ана жерден, мына жерден ұстады деген де, бәрі жалған. Мұның бәрін ұйымдастырған сырттан келген, сары шашты ірілеу келген бала деп айтты.  Олар өздері ұйымдастырған. Олардың "біз Әліби ағайды соттатамыз, сұхбатта актер боламыз", деген ата-аналардың чатында айтқаны бар. Соны көріп, баламызбен сөйлесе келіп біз осы жағдайды анықтадық", - деді ана. Сонымен қатар, ол жала жабылған Әлібидің сотталуына қарсы екенін атап өтті. "Сотта да болдық. Осының бәрін айттық", - деп қорытындылады әйел.