«Авифавир» деп аталатын жаңа препарат қазір жергілікті ауруханаларға жеткізіліп жатыр деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігі "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.
Маусымның соңына дейін емханаларға 60 мың «Авифавир» курсын жеткізу көзделген. Бұл іспен қазір Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен «Химрар» компаниялар тобы айналысуда.
Дәрі міндетті медициналық сақтандыру аясында ресейліктер үшін тегін болмақ. Коронавирусқа қарсы препаратқа қазірдің өзінде әлемнің ондаған елі тапсырыс беріпті.
Бүгінгі таңда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 13 872 адам болса, аурудан қайтыс болғандар саны 67 болғанын еске саламыз.