Жаңалықтар

81 жастағы әжейді ұрып, алтындарын тонап кетті

81 жастағы әжейді ұрып, алтындарын тонап кетті

 width= Шығыс Қазақстан облысына қарасты Үлкен Бөкен ауылында жалғызбасты кейуананы ұрып, тонап кетті. 81 жастағы қарт әжейдің үйінің кіреберіс есігін бұзып кірген қаскөй одан ақша мен алтын бұйымдар талап етіпті. Ал бағалы ешнәрсе таппаған соң, зейнеткерді соққыға жығып, қарапайым әсемдік бұйымдарын қолды қылған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Зардап шегуші оқиға туралы полицияға өзі хабарлап, күдіктінің қандай киімде болғанын айтып беріпті. Жедел іздеуге кіріскен тәртіп сақшылары 24 жастағы жергілікті тұрғынды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Анықталғандай, сезікті бұрын егде жастағы әйелге үй шаруасымен көмектескен екен және оның жалғыз тұратынын білген. Сондай-ақ ер адам бұрын ұрлық және бұзақылық жасағаны үшін істі болған. https://youtu.be/JokNRY2nTH0