Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
12 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Өлтіремін деді: Алматылық аруды сүйіктісі ұрып-соғып, ақша талап еткен

Өлтіремін деді: Алматылық аруды сүйіктісі ұрып-соғып, ақша талап еткен

Өлтіремін деді: Алматылық аруды сүйіктісі ұрып-соғып, ақша талап еткен
ашық дереккөзі
"Өлтіремін деді": Алматылық ару жігіті аяусыз ұрғанын айтып, жұрттан көмек сұрады. Бұрынғы сүйіктісі бір жыл бойы таяқтың астына алып, ақша талап еткен екен көрінеді. Зәбір көрген жанның суреттерінен кейін көпшілік жапа-тармағай мұндай жағдайдың тым сорақы екендігін айтып, қолдауға кіріскен. Алайда, бойжеткен өзінің Полиция департаментіне жазған арызында ұрып-соғу туралы тіс жармапты, деп хабарлайды Newsroom +  тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.  width= Бұл оқиға бойжеткеннің әлеуметтік желісінде кеше жарияланған болатын. Қатты соққыдан зардап шегіп, көкала қойдай болған арудың суреті көптің есін шығарды. "Бір жылға жуық таяқтың астында жүріп, көрмеген қорлығым жоқ" деген бойжеткен осылайша көпшіліктен араша сұраған. Тіпті, дәлел ретінде бұрынғы жігітінің қалай сөйлескенін де жария етті". "Сенің маған ғана күшің жетеді ғой, осындай сөздерді айтуға. Хорошо, Бота! Бір-ақ нәрсе айтам: осы қазір айтып отырған сөздеріңе өкіндіретін болам, мен сені бар ғой.." Көптің көңілін селт еткізіп, қамқорлық танытуды сұраған бойжеткенді біз де іздеуге кірістік. Алайда, кездесіп мән-жайды баяндағысы келмейтіндігін жеткізді. Тек, өзін осы уақытқа дейін сабап келген жігіттің бапкер болып қызмет атқаратындығын хабарлады". ЖӘБІРЛЕНУШІ: "Өзім жаздым барлығын. Таэквондист, спортсмен.  Спортивный "Алатау" деген база бар ғой, спорт комплекс, сол жақта". Оқиға бірден жұртшылық арасында кеңінен талқыға түсіп, зәбір көрген жанға аяушылық таныта бастады. Бірі - қолдау білдірсе, енді бірі - мұндай озбыр жанмен жыл бойы неге қарым-қатынаста болғандығын білмей дал. Тіпті, қоғам белсенділері де араласуға бел шешіпті". ҚАЙРАТ ҚҰДАЙБЕРГЕН, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ: "Өте көптеген ақпараттар келіп жатыр. Бір жағынан бұл бір миллионердің баласы деген сияқты. Өзінің енді жанұясы бар екен. Бірақ, мұндай опасыздыққа неге барғаны бізге түсініксіздік туғызады және зорлық-зомбылықа адамдарды салу менің ойымша өте бір нақұрыс және жаман бір үлгіге болып жатқан нәрсе". Ақпараттың ақ қарасын анықтау мақсатында Полиция департаментіне барғанымызда, ол жерден арыздың соққыға жығылуға байланысты емес екендігін анықтадық. Бойжеткен өзінің қымбат ұялы телефонын жігіті ломбардқа өткізді деп шағымданыпты. Кейіннен әлеуметтік желіде суреттер таратылған соң, құзырлы орган өкілдері істі қосымша жүргізе бастапты. САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: "Қосымша уақыт өте келе дәл сол азаматшаның соққыға жығылғаны мәлім болды. Бірақ, ол шағымданғанда бұл жәйт туралы айтпаған. Содан соң қосымша сұрастырылды бұл азаматша. Оның сөзінше, соққыға біршама уақыт бұрын жығылған екен. Полицияға хабарласпаған дер кезінде. Қазіргі таңда бұл дерек бойынша да өндіріске кірісіп кеттік". Сонымен бірге, тексеру кезінде бұл қыздың денесінен ешқандай көгерген белгілер анықталмапты. Қазір, сол кездегі дене жарақаттарының деңгейі қандай болғандығы анықталуда. Ал, мұндай жағдай үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бойжеткеннің, өзінің жігіт кешіруі немесе кешірмеуі енді сот залында бір-ақ анықталатын болады. https://www.youtube.com/watch?v=MvkWCXRf70A