Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
12 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Некені үйде отырып тіркеуге болады

Некені үйде отырып тіркеуге болады

Некені үйде отырып тіркеуге болады
ашық дереккөзі

Одан осы тәсілмен жаңа туған баланы тіркеу; баланы балабақшаға кезекке қою; заңды тұлға шотын ашу; салық есептілігін қабылдау (250-нысан) сынды қызметтерге телефон арқылы жүгінуге болады.

QG кодын сканерлеу арқылы көрсетілетін қызметтер тізімі eGov.kz порталында пайда болады, деп хабарлайды Newsroom+ ақпараттық агенттігі zakon.kz. сілтеме жасап.
QR-кодты қолдана отырып, Қазақстанда неке қиюға өтініш беруге және басқа қызметтерді алуға болады, - деді Сандық даму, инновациялар және аэроғарыш индустриясы министрі Асқар Жұмағалиев тұрғындар алдында есеп беру жиналысында сөйлеген сөзінде.
Техникалық мамандар осы айда QR кодты қолдана отырып, қол қою арқылы тұтынатын алғашқы электронды қызметтерді қосу үшін барын салып жатыр. Олардың ішінде: некені тіркеу; жаңа туған баланы тіркеу; баланы балабақшаға кезекке қою; заңды тұлға шотын ашу; салық есептілігін қабылдау (250-нысан) бар. Болашақта бұл қызметтердің тізімі кеңейтілетін болады.
Бұл қызметтерді тұтынатын кезде компьютерге отырып немесе ЭЦҚ кілтін пайдаланудың қажеті болмайды, тек адам өз QR-кодын сканерлеу арқылы eGov мобильді қосымшасы арқылы бұл қызметтерге өтініш жолдай алады. Компьютерде ЭСҚ қолдану үшін қосымша бағдарлама орнатып жатудың да қажеті болмайды, - деді Асқар Жұмағалиев.
EGov мобильді қосымшасын App Store және PlayMarket платформаларынан жүктеп алуға болады.