Жаңалықтар

Bek Air ұйымының қарызы 52 миллион теңгеге жетті

Bek Air ұйымының қарызы 52 миллион теңгеге жетті

Bek Air әуе компаниясының қайтаруы міндетті ақша соммасы 52 миллион теңгеге жетті. Тағы 161 адам билетке кеткен ақшаны кері қайтаруды талап етіп, арыз жазыпты. Десек те мекеме басшылығы бұл қаражатты үзілді-кесілді бермейміз деп отырған көрінеді. Себебі билеттердің жартысы қайтаруға болмайтын тарифпен сатылған. 11 маусым күні осыған байланысты онлайн сот өтіпті, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі  КТК арнасына сілтеме жасап.
МАК Алматыда апатқа ұшыраған ұшақтың
"Менің ұшақ билеттерім қайтарымсыз, себебі мен оларды жарты жыл бұрын сатып алғанмын. Бірақ рейстің шегерілуі жайлы хабарлама келсе де, келмесе де біз көздеген жерімізге жете алмай қалдық. Бұл біздің кінәміз емес, әуе тасымалдаушы ұйымның кінәсі", - дейді Алтын Ілиясова.
Кейбір жолаушылар билет алған агенттіктерден ақшасын жартысын қайтаруды өтініпті. Алайда мұндай ұйымдар тек делдал екенін және барлық ақша тікелей Bek Air-ге жіберілгенін айтыпты. Еске салайық, өткен жылдың желтоқсан айында Bek Air-дың Fokker-100 ұшағы әуежайдан ұшпай жатып апатқа ұшыраған еді. Оқиға орын алғаннан кейін ұйымның рейстеріне шектеу қойылыпты. Олардың жарамдылық сертификаты тәркіленсе, билет сатып алып қойған жолаушылар өз ақшаларын кері қайтарып алуға арыздана бастапты.