Білім саласына жемқорлықты жоятын жаңа жобалар енгізіледі

02 Қазан, 2018 1051 0

Түркістанда білім саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, ата – аналардан, оқытушылардан заңсыз ақша жинауды тоқтату мәселелері кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Newsroom.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің, Ұлттық бюро департаментінің, сондай-ақ, Облыс Әкімдігінің ұйымдастыруымен білім беру саласында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мәселелері қарастырылды. 

Жиынға «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасов, облыстық білім басқармасының және қалалық, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, қала, аудан әкімдерінің білім саласына жетекшілік ететін орынбасарлары мен облыстағы барлық білім беру ұйымдарының 1300 басшылары, сондай-ақ, арнайы мониторингтік топ мүшелері қатысты.
 Отырысқа төрағалық еткен облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков облыста білім беру саласы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары сала екені Елбасы тарапынан сынға ілінгенін, білім беру саласы жемқорлық көріністері жоғары деңгейге жетіп отырғанын айтып, білім беру ұйымдарының басшыларына жемқорлық тәуекелдерін төмендету бағытында нақты шаралар қабылдауды тапсырды. 
Кездесуде сөз алған Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілап жатқанына қарамастан білім саласы әлі де болса жемқорлық деңгейі жоғары екенін атап өтті. 
Өз баяндамасының соңында білім беру саласында ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында бірқатар нақты ұсыныстар енгізді. 
Атап айтқанда, орталықтандырылған қаржыландыру жүйелерін енгізу, мұғалімдерді жұмысқа қабылдауды мектеп директорларының құзырынан алып, бұл жұмыспен тікелей ең алдымен қоғам мүшелерінен енгізілген конкурстық комиссия мүшелеріне беру, мұғалім лауазымы үміткерлері үшін тестілеу бағдарламасын әзірлеу, техникалық қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды аутсорсингке беру. 
Сондай-ақ, білім беру ұйымдарына мемлекеттік тарапынан бөлінетін қаражаттар туралы ақпаратты білім беру ұйымдарының баршаға көрінетін жерлеріне орналастыруды.
Мәжілісте «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.М.Жолдасов, облыстық білім басқармасының басшысы И.Ө.Сағындықов тақырыптық бағытта баяндама жасады.
Бұған қоса, Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Б.М.Қасымов мұғалімдерді жұмысқа және оқушыларды мектепке қабылдаудағы ашықтықты қамтамасыз ету бойынша өз мектебіндегі тәжрибемен бөлісті. 
Жиында Ұлттық бюро Департаменті басшысының орынбасары Ә.Жорабеков осы салада орын алған қылмыстар туралы баяндама жасап, соңынан ұсталған мектеп директорларына қатысты видео түсірілімдер көрсетті.
Жиын соңында Ұ.Сәдібеков қатысушыларға бүгінгі кездесуден қорытынды шығаруды, күн тәртібінде қаралған басты мәселе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төендету бағытында нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.