Ордабасы ауданында әлемде теңдесі жоқ тәсілмен мұнай өнімдері өндіріледі

Ордабасы ауданында әлемде теңдесі жоқ тәсілмен мұнай өнімдері өндіріледі

ашық дереккөзі

 width= Түркістан облысында Евро — 5 стандартына сай отандық өнім, АИ-92 маркалы бензин, дизель жанармайы мен бензол, толуол, ксилол және үлгілі мазут өнімдері шығарылады. Бірегей жобаның ерекшелігі — бұл өнімдер көмірден өндіріледі. Әлемде теңдесі жоқ жобамен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы танысып қайтты. Ордабасы ауданы, Бадам ауыл округіндегі «Стандарт Ресурсис» ЖШС көмір — химиялық комбинаты жылына 30 мың тоннаға дейін шикізат өндіруге қауқарлы, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі  width= 1,5 млрд. теңге инвестиция құйылған жоба аясында 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ. Мемлекет тарапынан «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында инфрақұрылым желісі жүргізіліп, 3 шақырым жерде темір жол тартылған. Қазіргі таңда зауытта құрылыс жұмыстары аяқталып, іске қосылуға дайындық үстінде.  width=  width= Өмірзақ Естайұлы экспериментальды жобаны кеңінен жүзеге асыруды қолға алу керектігін айтты. Ол үшін теңдесі жоқ технологияның қыр — сырын жаппай үйретуді тапсырды. Өнім тек ел көлеміндегі нарыққа ғана емес,  ТМД елдеріне экспортталмақ. Негізгі мердігері-мұнай химиясы саласындағы нарық көшбасшыларының бірі болып табылатын ресейлік «ЭТН Циклон»  компаниясы.

Жүктелуде...