2 қазанда 2018 жылдың "Үздік педагогы" анықталады

01 Қазан, 2018 2642 2


2 қазан күні ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтайды, деп хабарлайды БҒМ Баспасөз қызметі.

Елімізде қазанның алғашқы жексенбісі – Мұғалімдер күні. Осыған орай, республикамыздың түкпір-түкпірінде ұстаздарға құрмет көрсетіліп, мерекелік шаралар ұйымдастырылып жатыр. Ал, министрдің құттықтауы Астана қаласында ЭКСПО аумағындағы «Энергия холлында» өтеді. Аталған кеште «Үздік педагог» республикалық конкурсының жеңімпаздары марапатталады.

Айта кетейік, аталған байқау 2012 жылдан бастап жыл сайын педагогтардың қоғамдағы мәртебесін және беделін арттыру, үздік мұғалімдердің озық педагогикалық іс-тәжірибесін тарату мақсатында өткізіліп келеді. Министрліктің ақпараты бойынша, биыл республикалық комиссияның қарауына мектепке дейінгі және орта білім саласы  педагогтарынан  109  құжат, техникалық және кәсіптік білім саласынан 37 құжат келіп түскен.


 

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Ләйлә 01 Қазан, 2018

Өте дұрыс іс-шара.Өкініштісі,бұл сайыс туралы кеш білгенім.Бұйыртса келесі 2019жылғы сайысқа қатыссам деп едім.Сайысқа қалай қатысса болады?

Ардак 02 Қазан, 2018

Керемет жоба