Жаңалықтар

Меруерт Түсіпбаева әкім Болат Бақауовты жерден алып, жерге салды

Меруерт Түсіпбаева әкім Болат Бақауовты жерден алып, жерге салды

Меруерт Түсіпбаева Павлодар облысына әкім болған Болат Бақауовқа шүйлікті. Әнші әкімді азғантай жолды жөндей алмағаны үшін сын астына алды.

 width=
Бұл туралы Меруерт ханым желідегі парақшасында жазды. Әнші облыстағы Маралды елдімекеніне бара жатқан жолды видеоға түсіріп көрсетті. Түсіпбаева жолмен жүрудің мүмкін еместігін көрсетті. "Мен Маралдыға келе жатырмын. Жолымен көлікпен жүру мүмкін емес. 10 шақырымды 20 км/сағатпен жүріп келе жатырмын. Болат Бақауов осы елдің әкімі болды емес пе? Өзі осы облыстың тумасы. Өз туған жерінің жолын жөндей алмаған ба? Азғантай жерді жөндемесе, несіне әкім болған? Ол туралы желіде шулап жатушы еді. Енді анық көзім жетті. Мынадай жолда қалай көлікпен жүруге болады? Тіпті адамшошырлық", - деді әнші. Айта кетейік, Маралды Павлодар облысындағы ауыл. "О , Маралдым, Маралдым!! сенің ушін жаралдым!!Дейтін басшылар бар ма екен?!", - деп жазды әнші жазба астына. Мұны желі қолданушылары да қолдай кетті. "Жол жөндеу бәрінің басты проблемасы болып тұр. Жол мәселесін жақсы көтердіңіз", "Сол жолмен күнде жүретін халықты айтсаңызшы", "Ол жол ешкімге керек емес, халықты ешкім ойламайды", - деді олар.