Қазақстандағы ең үлкен отбасы Култышевтар шаңырағында 16-шы сәби дүниеге келді
NewsRoom
Қазақстандағы ең үлкен отбасы Култышевтар шаңырағында 16-шы сәби дүниеге келді
Қазақстандағы ең үлкен отбасы петропавлдық Култышевтар шаңырағында он алтыншы сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Stan.kz апарат агенттігіне сілтеме жасап.
Дүниеге келген нәрестенің бойы 52 сантиметр, салмағы 3 келі 800 грамм болып туған. Енді Павел мен Татьяна Култышевтердің 9 ұлы мен 7 қызы бар. Кеше еліміздегі ең көп балалы отбасы кенже ұлдарын перзентханадан шығарып алды.
Татьяна мен Павел Култышевтардың шаңырақ құрғанына биыл 18 жыл болады. Отбасының үлкені - 18 жаста.
Бұған дейін көпбалалы отбасының 16-шы сәбиін күтіп отырғанын хабарлаған болатынбыз.