Жылытқыш пештің кесірінен көп қабатты үй өртенді

01 Қазан, 2018 1191 0

Өскемендегі Достоевский көшесінде көпқабатты үй өртенді, деп хабарлайды жергілікті төтенше жағдайлар басқармасы.
Өрт түнгі сағат 4-те үйдің 2-қабатында тұтанған. Үй иесі 2 баласымен сыртқа шығып үлгерген.
17 адам эвакуацияланды. Олардың алтауы - бала. Қызыл жалынның жылытқыш пештен шыққан болуы мүмкін деген болжам бар.
Дереккөз: yk-news.kz



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.