Тәуекел Мүсілім үйлену тойы қай күні және қай жерде өтетінін жария етті
Тәуекел Мүсілім үйлену тойы қай күні және қай жерде өтетінін жария етті
Қазақстандық шоу-бизнес серісі Тәуекел Мүсілімнің көптен күткен үйлену тойының өтетін күні бекітілді. Талай қыздың арманы болған актер мен оның жары дүбірлі шара үшін шілде айының соңын таңдап қойған деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі KAZ.NUR.KZ. порталына сілтеме жасап
Тәуекел Мүсілім өзінің Instagram парақшасында үйлену тойына қатысты бірқатар мәліметтерді жария етті. Белгілі болғандай, шоу-бизнес серісінің қуанышы 30 шілде күні оңтүстік астанадағы аса қымбат мейрамханалардың бірінде өтпек. Оған қоса, өнер иесінің үйлену тойына қатысты арнайы парақша да ашылып қойған. Онда жас жұбайлардың мерекелік шарасына дайындықтың қалай жүргені жайында тың ақпараттар жарияланып тұрмақ.
"Құрметті достар! Біз той күнін белгіледік. Мерекелік шара 2020 жылдың 30 шілдесінде Алматы қаласындағы ең үздік «Svetlana» атты мейрамханада өтетін болады. Қазіргі таңда қызу дайындық жүріп жатыр" , - деп жазды Тәуекел Мүсілім.
Еске сала кетейік, бұған дейін Тәуекел Мүсілім үйлену тойын жасағысы келмейтінін айтып, қалың көпшілікті таңғалдырды. Ол бұл дүбірлі тойды туған-туысқандарының көңілі үшін өткізгелі жатқанын жасырмады. Оның үстіне актер карантинде табыссыз қалғандықтан мерекелік шараны ұйымдастыруда біраз шығынға батқан.