Жаңалықтар

Түркістан облысында таяқ ұстаған ауыл тұрғындары жаппай төбелесті

Түркістан облысындағы ауылдардың бірінің жанында егін суаруға арналған су үшін жаппай төбелес болды. Видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Тәртіп сақшылары оқиғаға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Newsroom + тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Түркістан облысында таяқ ұстаған ауыл тұрғындары жаппай төбелесті (видео)   Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, 29 мамыр күні Жетісай ауданындағы егістік алқабында қолына таяқ ұстаған ер адамдар ұрыс бастап кеткен. Полицияға оқиға туралы дабыл түскеннен кейін тәртіп сақшылары жолға шықты. Ауыл тұрғындары арасындағы жанжалдың тұтануына егістік суаруға арналған су себеп болған. Кейін "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қақтығыс кезінде 12 адам зардап шекті. Алған жарақаттарының ауырлығын білу үшін полиция сараптама тағайындады. Ұрысқа қатысқан бес адам ауруханаға жатқызылды. Қалғандары дәрігерлер қажетті көмек көрсеткеннен кейін босатылды. Екі ер адам ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қақтығыстың барлық қатысушылары мен кінәлілерін анықтайтын болады. Оқиғаның жай-жапсары егжей-тегжейлі анықталуда. https://www.instagram.com/p/CBR-6DAFoXN/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=embed_video_watch_again