Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
11 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Бекшин: карантин күшейтілуі мүмкін

Бекшин: карантин күшейтілуі мүмкін

Бекшин: карантин күшейтілуі мүмкін
ашық дереккөзі
Алматыда карантин тәртібі қайта күшейтілуі мүмкін. Бұл туралы шаһардың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Өйткені жұмыстарын жандандырған кәсіпорындар мен сауда орындарында санитарлық талаптарды сақталмайды. Егер ол короновирус індетінің өршуіне әкеп соғатын болса талаптар қайта қатаңдатылауы ықтимал, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.  width= ЖАНДАРБЕК БЕКШИН, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАР ДӘРІГЕРІ : «Мониторнигтік топтардың беріп жатқан ескертуге қарамай осындай бұзушылықтар болып жатыр. Сондықтан әрине келешекте бұл жағдай, өсу, аурудың өсуі тіркелуі өсіп бара жатса әрине карантиндік жағдайлар күшейтіледі». «Қазір жұмыс істемейді потому что келген кісілердің «әрқайсысы перчаткамен келмейді. Сондықтан мынаған барлығы қолымен жанасуға болмайды. Сіз мынаны дұрыстап ауыстырасыздар». Арнай рейдке шыққан мониторингтік топ дәмхана басшылығына бірқатар ескерту жасаумен шектелді. Келесі жолы кемшілік түзетілмесе айыппұл салынуы мүмкін. Ал сауда орындарында кей сатушылар мүлде маскасыз. Тек тексеруге келген мамандарды көргенде ғана жанталасып кие бастады. Ал кей сауда нүктелерінде санитайзер, қолғап, ауыстыратын маска мүлдем болмай шықты. Кемшіліктерді жіпке тізіп шыққан санитар дәрігерлер оны жоюға бір тәулік уақыт берді. САЛТАНАТ БӨПЕЖАНОВА, ӘУЕЗОВ АУДАНДЫҚ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Күнделікті тексеру жұмыстары жүргізілуде. Келесі күні сол кемшілік орындалмаған, жойылмаған болса біз ол нысандарды өз еріктерімен жабылуды талап етіп жатырмыз. Ал жойылған болса өз жұмыстарын қайта жалғастыра береді. 220 нысанға кемшіліктер жойылғанға дейін өз еріктерімен жабуға талап қойылды». Айта кетейік Алматыда кәсіпорындар жұмысы 18 сәуірден бастап, кезең-кезеңмен іске қосылған болатын. Санитар дәрігерлердің аудитінен өткен кәсіпорындарға ғана жұмыс істеуге рұқсат берілді. Қазіргі таңда қалада эпидемиологиялық ахуал тұрақты. 2 939 адам коронавирус жұқтырса, оның 1 929-ы емделіп шыққан. Ал 10 адам қауіпті індеттен қаза болған. https://www.youtube.com/watch?v=_85305ZJDX4