Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
11 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Вирустың жаңа ошағы анықталды

Вирустың жаңа ошағы анықталды

Вирустың жаңа ошағы анықталды
ашық дереккөзі
Елімізде инфекцияның жаңа ошақтары анықталды.   Мамандар соңғы уақытта вирусты барлық отбасы мүшелерінің  жұқтырып жатқанына алаңдаулы.  Бәріне үйдегі мерекелер себеп дейді. Одан бөлек,  жұрттың сақтық шараларын сақтамауы да,  дертті жұқтырғандар санының күрт артуына алып келгенін айтады. Өткен тәуліктің өзінде жұқпалы инфеяға бірден 245 отандасымыз шалдығыпты, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.  width= Өткен тәулікте қауіпті індеттен тағы 3 науқас көз жұмды. Марқұмдардың  екеуі Түркістан, енді  біреуі Павлодар облысында туған.   Үшеуінде де вирус денелерінде бұған дейін болған созылмалы дерттерін асқындырып жіберген. Сөйтіп елімізде  қауіпті кесел құрбандарының саны   61-ге жетті. Ал жалпы республика бойынша індетті 13,5 мыңға жуық адам жұқтырыпты.  Бұл ретте дәрігерлер, инфекцияға шалдыққандар күннен-күнге  жасарып барады деп алаңдауда.   Мәселен, Петропавлда аты жаман вируспен небәрі 3 жасар бүлдіршін ауырып қалған. ӘСЕТ ЖҰМАТАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Баланың дене температурасы көтеріліп,  өзін тым әлсіз сезінді.  Сондай-ақ тамағы да ауырған екен. Алдын-ала болжам бойынша, ол вирусты жұмыс бабымен  басқа қалаларға сапарға барып жүретін әкесінен жұқтырған» Сондай-ақ , соңғы кездері инфекцияға шалдыққан  жүкті келіншектердің дүниеге  вирус жұқтырған баланы әкелу деректері  артыпты.  Яғни  коронавирус енді  өмірге жаңа келген сәбиге де берілетін болған. Одан бөлек, сиптомсыз түрде ауырып жүргендердің де қатары өскен.  Дәрілергер мұндай науқастар айналаға үлкен қауіп төндіреді деп дабыл қағып отыр.  Оған қоса, індеттің жаңа ошақтары да анықталып жатыр. СӘУЛЕ ҚИСЫҚОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ «Инфекцияның жаңа ошақтары байқалады. Ол отбасылық ошақтар. Күн сайын біз ауруды жұқтырған отбасының 2, мкейде 5-7 мүшесінен вирус анықтаймыз. Отбасылық мерекелер өткізу кезеңінде індет жұқтырғанын байқаймыз. Оған мүлдем жол  беруге болмайды» Жол беруге болмаса да, жұрттар жасырын түрде тойларын өткізіп жатыр.  Мәселен, құдаларын бимен емес, тепловизормен қарсы алған елордалықтардың мына әрекеті соның айқын дәлелі. Елімізде дерттің дендеуі де, осындай талаптарға бағынбаған жандардың жауапсыздығынан байқалады. Одан бөлек, жасыратын несі бар, масканы тек  автобустағы жүргізуші я болмаса дүкендегі күзетші үшін киіп жүргендер көп. Тіпті, ескертулерге жұдырықпен жауап беретіндер де жоқ емес. Ал  салаға жауапты ведомствоның өкілдері, былай жалғаса берсе,  қатаң карантин режіміне қайта оралуымыз мүмкін екенін ескертеді. https://www.youtube.com/watch?v=cLsEKWcpt04