Қызына саңырауқұлақтың құрметіне есім бермек болған ана талқыға түсті

Қызына саңырауқұлақтың құрметіне есім бермек болған ана талқыға түсті

ашық дереккөзі

Желіде атын жасырын күйінде қалдыруды ұйғарған келіншек әпкесімен қызының есіміне бола ұрысып қалғанын сөз етті. Оның айтуынша, жүкті туысқаны болашақ сәбиіне саңырауқұлақтың атауын бермек екен деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі 120.su сайтына сілтеме жасап.  width= Есімін жасырып қалған келіншек желіде басынан өткен оқиғасын баяндап берді. Айтуынша, оның жүкті әпкесі жақында босануы керек. Алайда қызына есім таңдап қойған ана оны Портабелла деп атайтынын хабарлағанда, туысқадары таңырқап қалған. Аяғы ауыр келіншек портобелло саңырауқұлақтарын жақсы көргендіктен, қызын соның құрметіне атауды шешкен екен. Құжатта саңырауқұлақтың аты жазылатын болғанымен, шын өмірде болашақ сәбиді бәрі Белла деп атайтын болады. Десе де туыстары бұл атауды нашар деп тауып, жүкті келіншекті райынан қайтарып көрмек болған. Ал ол өз кезегінде сол үшін жақындарымен сөз таластырып қалыпты. Желідегілер авторды толығымен қолдайтындарын сөз етті. Олардың ойынша, барлық адамның сүйікті асы бар, алайда оның құрметіне балаға есім қою - шектен шыққандық болар.    

Жүктелуде...