"Мұғалім" тарифі іске қосылады

30 Қыркүйек, 2018 4993 7

Мектеп мұғалімдері енді оқушылардың бағасын смартфон, планшеттің көмегімен, мобильді қосымша арқылы қояды. Сондай-ақ,  «Kundelik.kz», «Bilimal», «Platonus» сынды жүйелерге кіру үшін мұғалімдер өз қаражаттарына трафик сатып алмайды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым  вице-министрі Рүстем Биғари Newsroom.kz тілшісіне мәлімдеді. 
ҚР БҒМ Бұйрығына интернет қолжетімді болса, білім беру ұйымы журналды тек қана электронды түрде жүргізеді деген өзгеріс енгізілген. Осы орайда Министрлік ұялы байланыс операторларымен бірлесе «Мұғалім» тарифін іске қосатын болады. Жалпы білім беру жүйелерінің енді тарифтелмей, ұстаздарға тегін болуы қарастырылып жатыр. Ал, аталмыш тарифтерді әрбір мектеп өз қаржысына сатып алады. Білім жүйесін цифрландыруды қолға алған вице-министр бұл жаңашылдық мектептердегі компьютер жетіспеушілігі мәселесін реттеп, интернетке жұмсалатын қаржыны азайтатындығын алға тартып отыр. 
«Қазір мектептерде 70 мың компьютер жетіспейді. Бұл мәселені тез арада шеше аламыз. Ең бастысы, білім басқарламалары мен мектептердің  қаражаты үнемделеді. Аталған әлеуметтік жоба арқылы білім жүйелері тегін болады», - дейді Рүстем Айдарбекұлы. 
Жаңашылдықтың тиімді тұсы, мобильді қосымша құрылғы интернет желісіне қосылмаса да, жұмыс істей береді. Мұғалім жүйеге енгізген бағалар желімен байланыс орнаған кезде бірден Білім және ғылым министрлігінің серверіне синхрондалады.  Вице-министр жаңа тарифтің көп ұзамай іске қосылатындығын мәлімдеді. 

Рүстем Биғари: «Жаңа тарифті 2 айдың ішінде іске қосамыз. Келесі аптада Ақпарат және коммуникация министрлігімен, отандық байланыс операторларымен бірге жиын өткізіп, осы мәселелерді талқылайтын боламыз».

Аяжан Махамбетқызы

Тегтер: Мұғалім, білім, тариф, оқушы, баға, компьютер, мектеп

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Жаркынбек 30 Қыркүйек, 2018

Жана бастамага колдау билдиремиз.

Майра 30 Қыркүйек, 2018

мүмкін,дұрыс

Жазира 19 Қараша, 2018

Ой шыркінай деңіз, бұлда біреудің бизнес і шығар, кім ойлаған да ойлайды да оқу ағарту саласының дамуы сиқырлы смартфон байланысты деп

Шынар 19 Қараша, 2018

Керемет жаңалық екен.Естіген мұғалімдер қуанып жатқан шығар

Гаухар 19 Қараша, 2018

Кандай тамаша жаңалық!

Али 19 Қараша, 2018

Оте дурыс бастама

Али 19 Қараша, 2018

Оте дурыс бастама.Мен колдаймын.