Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
11 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қазақстандағы ұлттық саябақтарды АҚШ үлгісімен жасамақшы

Қазақстандағы ұлттық саябақтарды АҚШ үлгісімен жасамақшы

Қазақстандағы ұлттық саябақтарды АҚШ үлгісімен жасамақшы
ашық дереккөзі
Қазақcтан экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы елдің ұлттық саябақтарына күрделі құрылыс салуға қарсы екенін айтты. Ол есеп беру жиынында кәуап-мейрамхана бағдарынан кетіп, АҚШ-тағыдай аумақ бойынша туристік соқпақтар жасауға назар аудару қажет екенін жеткізді деп жазады Newsroom+ тілшісі KAZ.NUR.KZ сілтеме жасап.  width= Министр Мағзұм Мырзағалиев министрлік ел экобелсенділерінің Қазақстан ұлттық саябақтарында ландшафтқа сай келмейтін күрделі құрылыстар мен объектілерді тұрғызбау туралы ұсынысын қолдайтынын мәлімдеді.
"Біз ұлттық саябақтарды қоршаған ортаға жүктемесіз дамытуды, шақырымдаған соқпақтармен серуендеп, жайлы жазғы орындарда демалуды қолдаймыз",- деді ол.
Министрлік ұлттық саябақтарды америкалық үлгі бойынша жайғастырмақ. Яғни, аумақта күрделі құрылыстар болмайды, бірақ кемпингтер, глэмпингтер, этноауылдар мен шатырлы лагерлер арқылы өтетін жолдар болады. Айта кетейік, халық көп жиналмас үшін Қапшағай су қоймасы жабылды. Енді алматылықтар демалыс күндері Қапшағай су қоймасына бара алмайды.
"Сенбі және жексенбі күндері көптеген тұрғындар суға түсуге барады. Бұл адамдардың бір жерге көптеп жиналуына әкеп соғады. Сондықтан, Алматы облысының санитарлық қызметі мобильді постар қойды. Қапшағай су қоймасына апаратын жолды жапты. Сөйтіп адамдардың жаппай жиналуының алдын алды. Бұл - дұрыс шешім", – деді онлайн-брифинг барысында Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.