Президент лотереялар туралы заңға өзгерістер енгізді
Президент лотереялар туралы заңға өзгерістер енгізді
ашық дереккөзі
Ірі бизнес үшін 2 000 АЕК айыппұл салынып, әкімшілік құқық бұзушылықтың табысы тәркіленеді.
ҚР-ның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістерге қол қойды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген ресми хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін, ҚР-ның Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова: "Ал бір жыл ішінде қайталанып жасалған заңсыз іс-әрекеттер үшін жеке тұлғаларға – 200 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 700 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 1 000 АЕК, ірі бизнес үшін 2 000 АЕК айыппұл салынып, әкімшілік құқық бұзушылықтың табысы тәркіленеді", – деп Сенат отырысында айтқан болатын.