Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
10 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Өлді деп ойлап үстін бұталармен жапқан»: Шымкентте екі баланың анасын қаскөйлер зорлап, аямай ұрып кеткен

"Өлді деп ойлап үстін бұталармен жапқан": Шымкентте екі баланың анасын қаскөйлер зорлап, аямай ұрып кеткен

«Өлді деп ойлап үстін бұталармен жапқан»: Шымкентте екі баланың анасын қаскөйлер зорлап, аямай ұрып кеткен
ашық дереккөзі

Шымкентте әлдебіреулер екі баланың анасын көк ала қойдай етіп сабап кеткен,-  деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы "Не молчи" қорының өкілдері айтты. Қаскөйлер әйелді зорлап, тіпті, өлтірмекші болған. "Оның мойнына целофан қабын орап тұншықтырмақ болған. Әйелдің тістерінің бәрі түсіп қалған, үш жерінен жағы, бірнеше қабырғасы сынып, бас миы шайқалған. Қылмыскерлер байғұс келіншекті өлді деп ойлап, оның үстін бұталармен жауып, өзедрі іздерін суытқан. Абырой болғанда, әйел есін жиіп, үйіне әрең жетіпті", - деп жазыпты қор өкілдері. Зардап шеккен азаматшаның күйеуі мен балалары оның адам танымастай түрін көріп, қатты шошығандарын айтыпты. Жұбайының сөзінше, әйелдің сау жері қалмағаны сонша егер келіншек өліп кеткен жағдайда оны тану мүмкін болмағандай екен. "Әйел қатты есеңгіреп қалған. Не болғаны жайлы айтқысы келмейді. Қазір оған психологиялық көмек көрсетілуде", - деп қосты қор өкілдері. Қазіргі таңда істі Шымкент қалалық ПД басшысы Ерали Жұмаханбетов өз қадағалауына алған. Бұған қоса адам құқығы жөніндегі омбусмен Эльвира Азимова, денсаулық сақтау министрі ЛяззатАқтаева да әйелдің оқиғасын бақылап отырған көрінеді. Алдағы уақытта жәбірленушіге бірнеше қиын ота жасалуы қажет екен. Өз кезегінде қор өкілдері мұнждай қылмыстар жұрт үрейін тудыратын алға тартып, заңгерлерден көмек сұрады.