Шымкентте әріптесін зорлаған дәрігердің ісі қайта қаралды – сот үкім шығарды
Шымкентте әріптесін зорлаған дәрігердің ісі қайта қаралды – сот үкім шығарды
Шымкент соты медбикені зорлады деп айыпталған дәрігердің ісі бойынша қабылданған шешімді қайта қарады.
Бұл туралы NewsRoom+ тілшісі Caravan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылдың 9 маусымдағы қаулысымен аудандық соттың 2019 жылдың 21 қазанындағы ақтау үкімінің күші жойылып, жаңа айыптау үкімі шығарылды, деп хабарлады Шымкент қаласы сотының ресми сайты.
"Жаңа айыптау үкімімен Н.-ға қылмыстық кодекстің 120-бабының 1-бөлігімен ("Зорлау") 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, ал 121-бабының 1-бөлігімен ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Кодекстегі 58-баптың 2-бөлігін ("Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау") басшылыққа алып, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға ауыстыру арқылы Н.-ға түпкілікті 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – делінген ақпаратта.
Сотталушы сот залында қамауға алынды. Апелляциялық үкім 2020 жылдың 9 маусымында заңды күшіне енді.
Сонымен қатар сот алқасы моральдық зиянды өтеу туралы жәбірленушінің қойып отырған азаматтық талабын ішінара қанағаттандырып, оның пайдасына сотталған азаматтан 1 миллион теңге өндірілді.Сот алқасы жаза тағайындау кезінде қылмыстық кодекстің 52-бабының ("Жаза тағайындаудың жалпы негіздері") талаптарын сақтай отырып, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, сотталушының жеке басына байланысты деректерді, оның жазасын ауырлататын мән-жайлардың болмағанын, асырауында жас балаларының болуын ескерді.