Үй ішінде отыр ма, сыртында ма?
Үй ішінде отыр ма, сыртында ма?
Қандай екеніңізді бір ғана сурет 1 минутта «айтып» бере алады.
Суретке 1-3 секунд қараңыз. Енді сұраққа нақты жауап беріңіз: Бала үйдің ішінде отыр ма, сыртында ма?
ҮЙ ІШІНДЕ
«Үй ішінде отыр» деп жауап бергендер – эмоциясын да, өкпе-реніші мен сыры мен мұңын да көбінесе іште сақтайтын адамдар.
- Ұрыс-керістен өздерін алыс ұстауға тырысады.
- Әлдебіреу онымен керіскен жағдайда әлдеңені дәлелдеп ақталмайды.
- Өзгенікі бұрыс болса да келіскен сыңай танытып, дау-дамайды доғаруды ойлайды.
- Мінезі күрделі. Сырттай оны біреу көнбіс дейді, енді біреу салмақты санайды, тағы біреу сабырлы адамдар тізіміне қосады. Өйткені мұндай адамдар жағдайға байланысты осылай үш түрлі бола алады.
- Тыныштықты бірінші орынға қоятындар. Сондықтан да ешкіммен таласпайды, тартыспайды.
- Өзгенің тыныштығын бұзбайды және өзіндікін де басқалардың бұзуына жол бермейді.
- Көпшілік ортадан гөрі оңашаны, жалғыздықты ұнатады.
- Кейде «мені ешкім түсінбейді» деп іштей қапаланады. Өйткені қуанышын да, қайғысын да ешкіммен бөліспейді.
- Өзіндегі даналыққа, өз күшіне сенеді.
- Айтар сөзін де, басар қадамын да ойланып жасағандықтан да көп қателікке бара бермейді. Әйтсе де, жаны жаралы.
- Айналасындағыларға уайым-қайғысын көрсеткенді қаламайды.
- Тыныштық бұзылса да шындықты айтқанды жөн санайды. Сондықтан болар, досы да, дұшпаны да көп.
- Көпшіл.
- Жаңа таныстықтан да, көңілі қалған ескі доспен қарым-қатынасты үзе салудан да қорықпайды.
- Ортаның гүлі болғанды қалайды.
- Мақтау мен марапатты жаны сүйеді.
- «Жұрт не дейді екен?» деп ойлана бермейді. Жұрттың сөзіне алаңдамайды да.
- Өзгенің эмоциясына тәуелді емес.
- Оған басқалардың ақыл-кеңесі соншалықты қажет емес. Істейді, сосын ойланады. Сондықтан да көп қателікке жол береді.
- Екіжүзділерге жаны қас.
- Өз ойын анық айта алатынымен, кез келгенмен тез тіл табыса алатындығымен жұмыста жылдам көтеріледі.
- Ұстаздық жолын таңдаса табысты болады.
- Дегенмен мұндай адамдарға өзгелерді де тыңдап үйренгені дұрыс.
- Сондай-ақ өзгенің қателігін көрсеткенмен, сұрамаған адамға ақыл-кеңес айтудың да қажеті жоқ екенін есте ұстаған жөн болады.
- Барлық нәрсенің өз шекарасы мен мөлшері бар. Іштегінің бәрін сыртқа шығара беруге де, барлығын іште сақтауға да болмайтынын есте ұстаған жөн-ақ.