Жаңалықтар

Көшеде туылғанына 4-5 сағат болған шақалақ табылды

Түркістан облысында көшеден туғанына небәрі 4-5 сағат қана болған шақалақ табылды. Бұл туралы полицияға Ақсукент ауылының тұрғыны хабарлаған. Ал тәртіп сақшылары сүлгіге оралған нәрестені бірден аудандық орталық ауруханаға жеткізіпті. Дәрігердің анықтамасына қарағанда қыз баланың салмағы 2 келі 750 г, бойы 52 см. Қазіргі жағдайы жақсы көрінеді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. ШҮКІРОЛЛА УБАЙДУЛЛАЕВ, САЙРАМ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: "Анасы болмағандықтан біз баланың анық срогын айта алмаймыз. Бірақ, жетіліп туылған бала. Қазіргі таңда баланың тамағы беріліп тұр. Жасанды тамақтар. Жасына, салмағына сай уақытылы тамақтанып жатыр". Аталған дерек Сайрам аудандық полиция бөлімшесінде тіркеліп, жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде баланың анасы анықталған. Қазіргі таңда осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. САЛТАНАТ ҚАРАКӨЗОВА  ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: "Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Жас келіншек. Ажырасып кеткен. Оның өзінің ер бала мен қыз баласы бар. Оған қатысты ҚР ҚК 119-бабымен тергеу амалдары жүргізілуде".