Шымкентте базар өртеніп кетті
Шымкентте базар өртеніп кетті
Шымкентте "Бекжан" базарындағы автовокзал өртеніп кетті, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі мәлімеді.
Ресми ақпаратқа сүйенсек қызыл алау аяқ киім сататын дүңгіршікте сағат 15:13 шамасында пайда болған.
"Темірлан тас жолындағы «Бекжан» базарының алдында автокөлік тұрағында орналасқан аяқ-киім дүңгіршектері жанып жатқаны белгілі болды. Өртті сөндіруге ТЖД-ның 70 өрт сөндірушісі мен 24 дана арнайы техникасы жұмылдырылды. Жалын 280 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау сағат сағат 15:40 шамасында сөндірілді. Қазіргі таңда өрттің шығу салдары анықталуда", - делінген ресми хабарламада.
Атап кетерлік жайт, бұл базар бірінші рет өртеніп тұрған жоқ. Бұған дейін мұнда орналасқан сауда орталығын тілсіз жаудың құрсауында қалып, бірнеше азамат қаза тапқан еді.