Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
9 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Берік Уәлидің жағдайына қатысты тың дерек шықты

Берік Уәлидің жағдайына қатысты тың дерек шықты

Берік Уәлидің жағдайына қатысты тың дерек шықты
ашық дереккөзі
Осыдан бірнеше күн бұрын коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген Берік Уәлидің жағдайына қатысты тың дерек шықты. Бүгінде оның жағдайы бірқалыпты, дене қызуы түскен екен. Өкініштісі, президент баспасөз хатшысының ата-анасынан да COVID-19 инфекциясы анықталыпты,-  деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Oinet.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Берік Уәлидің қазіргі халі жайлы танымал блогер Самат Нұртаза өз Facebook парақшасында жазды. "Өкінішке қарай, Бекеңнің ата-анасына да індет жұғыпты. Қазір ол кісілер ауруханада жатыр. Бекең әкесі мен анасына алаңдап отыр. 70-ке келген үлкен кісілердің денсаулығы көтере алса екен дейді. Жаратқан жар болсын дедік. Басқа біздің қолдан не келеді? Бірақ мені ойландырғаны мынау. Осындай қиын-қыстау кезеңде, Бекеңнің өзі ғана емес ата-анасы да дертке шалдығып, аурумен күресіп жатқан кезде қолдау білдірудің орнына, сыртынан тон пішіп, саяси қадам деп, сайқымазақ пікірлер айтқан адамдардың ұяты, ары, намысы қандай деңгейде екені көрініп қалды. Тура осындай жағдайға түспейтініне ешкім кепіл бола алмас. Ертең сенің де отбасыңда болуы мүмкін. Сол кезде жұрт тілін шығарып күлсе, қандай күйде боласың? Сондықтан пікір айтар алдында ойланғандарың дұрыс деп ойлаймын", - деген ол баршаға бас амандығын тіледі.