«Әлемдегі пандемия жағдайы нашарлап барады» - ДДСҰ басшысы
"Әлемдегі пандемия жағдайы нашарлап барады" - ДДСҰ басшысы
ашық дереккөзі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адан Гебрейесус коронавирустың әлемде таралуына байланысты жағдай нашарлап жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"ДДСҰ 7 миллионға жуық COVID-19 оқиғасы және 400 мыңға жуық өлім туралы хабарлады. Еуропадағы жағдай жақсарғанымен, әлемде ол нашарлап жатыр. Өткен 10 күннің 9-ында 100 мыңнан астам COVID-19 тіркелді. Кеше 136 мыңнан астам оқиға туралы хабарлаған едік", - деді Гебрейесус.
Оның айтуынша, 136 мың жағдайдың 75 пайызы 10 елге, негізінен Америка мен Оңтүстік Азия елдеріне тиесілі.
"Африкалық аймақтың көптеген елі COVID-19 оқиғаларының өсуін әлі күнге дейін атап өтіп жатыр. Бұл осы аймақтағы елдердің көпшілігінде 1000-нан аз жағдай тіркелгеніне қарамастан. Сондай-ақ, Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның кейбір бөліктерінде көбейіп жатқандығын байқап отрмыз", - деді Гебрейесус.
Оның айтуынша, бірқатар елде жұқтырудың төмендеуінде оң сигналдар байқалады.
ДДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 6 931 000-ға жетті, 400 857 адам көз жұмды. Бір күнде әлемде 136 405 жаңа инфекция жағдайы анықталды.