Жаңалықтар

9 Маусым несімен ерекшеденеді ?

Халықаралық достар күні.

Қай кезде де барлық халық достықты үлкен әлеуметтік және адамгершілік құндылық деп таныса да, «шынайы достық» өте сирек кездеседі деп санаған. Халықаралық достар күні өмірдегі әртүрлі қиын-қыстау жағдайларға қарамастан досымыздың қаншалықты қымбат екенін айта отырып, оларды қуанту үшін ойлап табылған күн.  Халықаралық архив күні. 2007 жылы қарашада Квебекте (Канада) Бас ассамблеяда Халықаралық архив кеңесі (МСА, International Council on Archives, ICA) құрылды. 112 жыл бұрын (1909) патша үкіметі «Ақмола, Семей, Торғай және Орал облыстарындағы қоныстандыруға, сондай-ақ, басқа да мемлекеттік қажеттіліктерге Мемлекеттік жер қорын анықтау тәртібі туралы нұсқау» жасады.  27 жыл бұрын (1993) Алматыда, Кино үйінде «Төле би» деректі фильмінің премьерасы өтті. 25 жыл бұрын (1995) Халықаралық «Дидар - Қазақстан» журналының бірінші нөмірі жарық көрді. 22 жыл бұрын (1998) Астанада «Отан қорғаушыларға» арналған болашақ ескерткіштің орнына белгітас орнатылды.